Павлодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 33 жастағы такси жүргізушісін ұстады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның көлігінен синтетикалық есірткі салынған 20 түйіншек табылды.
Тергеу кезінде таксист интернеттегі жарнама арқылы есірткі саудасымен айналысып, материалдық жағдайын жақсартқысы келгенін мойындады.
Осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдік қамауға алынды.