«Қаралы қаңтар» оқиғасы кезінде құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар министрлігі және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін ұрып жатқан видео тарады.
Кадрлардан аталған сала қызметкерлерін қан-жоса етіп соққыға жығып, «Форманы шеш!» деп айтып жатқанын байқауға болады. Мұндай көрініс бірнеше жерде қайталанған.
https://youtu.be/jNGmYDRmRVg
https://youtu.be/uPS_PLog2zI
https://youtu.be/ifGRzTDFYOI
Айта кетейік, "Қаңтар оқиғасы" кезінде құқық қорғау органдарының 3 мыңнан астам қызметкері жарақаттанды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов inform.kz сайтына мәлімдеді.
Департамент бастығының дерегінше, тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың, сондай-ақ әскери қызметшілердің ішінде 19 адам қаза тапты.