Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франциядағы Open Sud de France турнирінде финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Бублик жартылай финалда әлемдік рейтингте 36-шы орында тұрған сербиялық Филип Краййновичті жеңді.
Есеп – 6:4, 6:2.
Кездесу екі сағатқа созылған. Монпельедегі турнирдің финалында Бублик германиялық Александр Зверевпен кездеседі.