Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Көліктің жолдан шығып кеткені түсірілген видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде пайда болды.
- 5 ақпан күні сағат 22.30-да Аймауытов көшесінде «Тойота» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, - дейді облыстық полиция департаментінде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1986 және 1996 жылы туған екі ер адам өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алып, көз жұмған. Сондай-ақ 1985 жылы туған тағы бір зардап шеккен адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.