Құтқарушылар мен волонтерлар бірнеше күндік жұмыстан кейін Марокканың Тармут қаласындағы терең және тар құдыққа түсіп кеткен бес жасар баланы аман алып шықты. Бала тірі болғанымен, бірақ көп ұзамай бала қайтыс болды.
Қаралы хабарды Марокко королі жариялады, деп жазады РИА Новости. Мұхаммед VI баланың ата-анасына көңіл айтты.
https://www.youtube.com/watch?v=dCZJQLzg1Sc&feature=emb_title
Құтқарушылар бригадасының басшысы Абдельхади Тамрани құдыққа түсірілген камерадағы кадрдан бес жасар Райанның қандай күйде екенін түсіну қиын екенін айтты. Ол бір қырынан қимылсыз жатқан.
Құтқарушылар Райанға жеткенде, жер астында оған медициналық мамандар тексеру жүргізді. Ұзақ уақыт жер астында болу немесе бас жарақаты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін еді.