Қызылордада жоғалған азаматты белгісіздердің бейітіне жерлеген полицейлер жазаға тартылды
Қызылордада жоғалған азаматты белгісіздердің бейітіне жерлеген полицейлер жазаға тартылды
201
оқылды
Қызылордада жоғалған азаматтың қайтыс болғанын дер кезінде естіртпей, тіпті туыстарын іздемей марқұмды белгісіздердің бейітіне жерлей салған полицейлерге байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Экспресс К
Берік Сағындықовтың анасының айтуынша, бұған дейін жоғалған ұлы туралы құзырлы органдарға бірнеше рет хабарласа да, шағымы қабылдаусыз қалған көрінеді. Ол ісіне салғырт полицейлер әлі күнге кешірім сұрап та келмегенін айтады. Алайда осы іске байланысты органның жауапты қызметкерлерін орындарын босатпапты.
“Қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі деп танылған полиция қызметкері және оның тікелей басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылды”, – деп хабарлады полиция басқармасының баспасөз қызметінде.