Бұл видеоTikTok әлеуметтік желісінде кеңінен таралды. Қыздың есімі – Любовь. Ал күйеуі – Петропавлдың азаматы.
Өзі елордада жұмыс істейді. Қорғалжынның қызы.
– Өзім қазақи отбасында өстім. Мектепті де қазақша аяқтадым, – дейді ол.
Қызығы, қазақтың салт-дәстүрін Любовь қана емес, оның ата-анасы да жақсы біледі екен. Сондықтан қыздың ұзату тойы қазақтың салтымен өтті.
Видеодан қыздың сәукеле киіп, көйлегіне дейін қазақша ою-өрнекпен әсемделгенін көруге болады. Жаңа құдаларға тойбастар шашып, ән де айтылған. Тіпті, сыңсу айтылып, ақ жол тілеп шығарып салды.