Утилизациялық алым көлемі азаяды – Премьер-министр
Утилизациялық алым көлемі азаяды – Премьер-министр
Фото: zr.ru
124
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда утилизациялық алым мөлшерлемесі төмендетілетінін айтты.

Қоқысты кәдеге жарату алымын жинау міндеті халықтың наразылығынан кейін «Оператор РОП» ЖШС-нан «Жасыл Дамуға» берілді.
«Ластаушы заттар шығарындыларын азайту, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған жоспарларды іске асыру жалғасады. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін айтарлықтай азайту жағы қайта қаралып жатыр», – деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін кабельге утилизациялық алым төлеу мәселесі келесі жылға шегерілді.