Алматыда көшеде арматура таратқандар ұсталды – видео
Алматыда көшеде арматура таратқандар ұсталды – видео
Фото: ПД-нен алынды
198
оқылды

Алматыда қаңтарда шеруге шыққандарға арматура таратқандар ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер 20-24 жас аралығындағы күдікті 6 ер адамды ұстады.

«Олардың 5 қаңтарға қараған түні ұзындығы 70 сантиметр темір таяқ дайындағаны анықталды. Арматураны «Шаңырақ» ықшамауданында кесіп, дайындаған. Келесі күні жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдарға көшеде темір таратқан», – деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Олардың арматура таратқанын куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Видеоға Төле би көшесінде «Газельмен» кетіп бара жатып, темір таяқ таратқандар түсіп қалған. Ұсталғандар кінәсін мойындап, арматураны «Шаңырақ» ықшамауданында кесіп, дайындағанын айтты. Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігіне сәйкес, күдіктілер қамауға алынды.   https://youtu.be/TVWrAh9NqiA

Бұған дейін алаңда қару таратқандар ұсталғанын жазған болатынбыз.