«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді
«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді
Фото: yandex.kz
246
оқылды

Бүгін Президенттің қатысуымен Үкіметте жиын өтті.

Жиында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Қазақстанда АЭС салу мәселесі туралы пікірін айтты.
«Қазірдің өзінде, әсіресе, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығы байқалып отыр. Бұл мәселені жасыл технология есебінен шешу тиімді. Меніңше, атом электр стансасын салу – анағұрлым тиімді шешім», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Алмасадам Сатқалиев.
Бұған дейін оңтүстіктегі бірнеше облыс жарықсыз қалды. Электр энергиясымен қамтамасыз етуге тиіс KEGOC компаниясы 3-4 өңірдің жарықсыз қалғанына майнинг компаниялардың қатысы жоқ деген еді.

Алайда криптовалюта өндірумен айналасатын компаниялар Қазақстанда электр энергиясына шектеу енгізілген соң шетелге көшіп жатыр.