Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған бір топ адам ұсталды
Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған бір топ адам ұсталды
176
оқылды
ҰҚК 7 ақпанда Алматы қаласында жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.
"Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол гранатаатқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді. Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіріп, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған", – делінген хабарламада.
Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда. Бұған дейін ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожиннің қамауға алынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.