Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шықты
Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шықты
© bestnews.kz
269
оқылды
Қордың директорлар кеңесіне Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов кірген.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 28 қаңтарындағы шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады: Қанат Бозымбаев, Данияр Ақышев шығарылды, Тимур Сүлейменов сайланды, —–делінген хабарламада.
Енді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасы алты адамнан тұрады. Олар: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Әлібек Қуантыров, Алмасадам Сәтқалиев, Тимур Сүлейменов.