Полицейлер ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізушіні іздестіруде
Полицейлер ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізушіні іздестіруде
Фото: zakon.kz
232
оқылды
Алматы полициясы мас адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Алматыдағы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Белгісіз ер адам жолдың қақ ортасында тұрып, жүргізушілердің өтуіне кедергі жасаған. Оның видеосы әлеуметтік әлеуметтік желіде тарады.
«Полиция департаментінің кезекші бөліміне мас жаяу жүргінші туралы ақпарат 8 ақпан күні сағат 17:15-те келіп түсті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы алматылық азаматтың орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын анықтады. Ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның 615 және 440 бабы бойынша жауапқа тартылды»,- дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.  
Сонымен қатар, полиция өкілі ер адамды жолдың шетіне итеріп, арыққа лақтырып жіберген көлік жүргізушісінің кім екені анықталып жатқанын айтты.