4 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты
4 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты
Фото: yandex.kz
307
оқылды

Қызылорда облысында Балалар ауруханасында дәрігерлер 4 жасар қызға операция жасады.

Дәрігерлер 4 жасар қыздың асқазанынан салмағы бір келі шаш алды. Шаштың ұзындығы – 34 сантиметр. Жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегеновтің айтуынша, баланың асқа тәбеті болмай, ауруханаға ауыр жағдайда түскен.
«Балаға асқазан трихобезоары диагнозы қойылды. Дереу ота жасалды», – деді Төлегенов.
Операцияны хирург Әлімжан Төлегенов, анестезиолог Көркем Баекей, ассистент Самат Шуақбаев, медбике Ақмарал Бекташова бірлесіп жасады.

Бұған дейін дәрігергер 7 жасар қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алған болатын.