Ақтөбе тұрғыны бананның ішіне телефон жасырып, абақтыда қамауда отырған танысына жіберген, – деп хабарлайды polisia.kz.
Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері сәлемдемені тексеріп, бананның ішіне жасырылған ұялы телефон және Beeline SIM-картасын тәркіледі.
Тыйым салынған заттарды 29 жастағы У. И. есімді қала тұрғыны абақтыда «жалған кәсіппен айналысты» деген айып тағылған күдікті танысына бермек болған.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев: «Азамат У. И. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791 және 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды», – деді.