Бананның ішіне телефон жасырып, абақтыға жіберген тұрғын ұсталды  
Бананның ішіне телефон жасырып, абақтыға жіберген тұрғын ұсталды  
Фото: polisia.kz
190
оқылды

Ақтөбе тұрғыны бананның ішіне телефон жасырып, абақтыда қамауда отырған танысына жіберген, – деп хабарлайды polisia.kz.

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері сәлемдемені тексеріп, бананның ішіне жасырылған ұялы телефон және Beeline SIM-картасын тәркіледі. Тыйым салынған заттарды 29 жастағы У. И. есімді қала тұрғыны абақтыда «жалған кәсіппен айналысты» деген айып тағылған күдікті танысына бермек болған.    width=
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев: «Азамат У. И. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791 және 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды», – деді.