Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам қайтыс болды.
16-сы коронавируспен, 5 адам пневмониямен ауырған.
9 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 79 191 адам (77 974+ және 1 217 КВИ-), емделіп жатыр. Оның ішінде 9 005 науқас стационарда, 70 186 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
410 науқастың жағдайы ауыр,
154 науқастың жағдайы өте ауыр,
103 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.