Облыстық әкімдік қамауда отырған Бақытгүл Хаменоваға қатысты мәлімдеме жасады
Облыстық әкімдік қамауда отырған Бақытгүл Хаменоваға қатысты мәлімдеме жасады
©stan.kz
401
оқылды

Пара алды деген күдікпен 2 айға қамауға алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жұмыстан шығарылмаған.

Тіпті әкімдіктің іс-құжаттарында оның аты-жөні әлі жазылып тұр, - деп хабарлайды Экспресс К.
"Бақытгүл Хаменова жұмыстан шығарылған жоқ. Ол жұмыстан кету туралы арыз жазуы керек немесе сот үкім шығару керек", - дейді ЭК тілшісіне облыстық әкімдік өкілдері.
Бұған дейін пара алды деген күдікпен ұсталған Бақытгүл Хаменова мансап жолын қалай бастағанын жазған болатынбыз.