ШҚО-да жол бойында жүк көлігі өртеніп, көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды
ШҚО-да жол бойында жүк көлігі өртеніп, көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды
536
оқылды

9 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Ұлан ауданындағы Таврия ауылынан 20 шақырым жердегі "Өскемен-Семей" автожолында "Скания" маркалы автокөлігі өртенген.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 38-ӨСБ құтқарушылары келген сәтте ацетилен баллондарын тасымалдайтын автокөлік ашық жалынға оранған болатын. Қауіпсіздік мақсатында Жол полициясы қызметкерлері автожолдағы қозғалысты уақытша тоқтатты. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық - құтқару пунктінен дәрігерлері барды. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ. Көлік жүргізушісі де аман. Баллондардың жарылуына байланысты өртті дереу сөндіру мүмкін болмады. ТЖД өрт сөндірушілері қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өртті сөндірген. Өрт 22 сағат 35 минутта ауыздықталды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 6 адамы, 2 техникасы жұмылдырылды.