Бірқатар қылмыстық топ басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.
Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері бойынша ұсталғандардан төмендегідей қару-жарақ түрлері алынды: екі “Калашников” автоматы, төрт “ПМ” тапаншасы, төрт “Глок” тапаншасы, револьвер, “ТТ” тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, “Сайга-410” тегіс ұңғылы карабині, “Оса” травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер тәркіленді.
Барлық ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
https://www.youtube.com/watch?v=jDQl8ld4ATU&t=27s