«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 18 ақпанда кезектен тыс ІХ съезд өткізеді. Бұл туралы «Атамекен» ресми хабарлады.
«Кезектен тыс съезді өткізу туралы шешімді «Атамекен» ҰКП төралқа мүшелері шығарды. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады» делінген ресми хабарламада.
Съезде мына мәселелер қаралады:
– ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі;
– ҰКП қызметін реформалау;
– Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері;
– Басқа мəселелер де талқыланады.