Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Енді агенттік басшысының міндетін басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев атқарады.
Бекхожин бұл қызметті 2019 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
Ерлан Бекхожин 1963 жылы 6 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген.
1994-1997 жылдары "Хабар" агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, "Жеті күн" ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.
1998-2003 жылдары "Мир" халықаралық телерадиокомпаниясының директоры.
2003-2009 жылдары «Литер-Медиа" ЖШС бас директоры, "Литер" және "Айқын" газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы.
2009 жылдан 2019 жылға дейін ҚР президенті телерадио кешенінің бас директоры.