Қарағандыда Сатыбалдина көшесінде аяқкиім жөндейтін шеберханадан өрт шығып, екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Аяқкиім жөндейтін шеберханада өрт 10 ақпанда түнде шыққан.
"Өрт 4 шаршы метр аумақта болған. Өрт сөндірушілер келгенше шеберханадан әйел мен ер адамның мәйіті шығарылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Көз жұмған адамдар 1980 және 1981 жылғы. Олардың қалай көз жұмғаны және өрттің себебі анықталу үстінде.