Талапкер ҰБТ-ға смартфон мен модемді кекске тығып алып өтпек болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.
"Модем мен ұялы телефоннан жасалған тәтті десерт. Шығармашыл тест тапсырушылар таңғалдырудан шаршамайды. Мына фотода торт ішіне тыйым салынған заттарды жасырған талапкердің шығармашылық жұмысы көрсетілген", - деп жазды Емелбаев.Оның айтуынша, талапкердің жоспары "қырағы бақылаушылардың арқасында" жүзеге аспаған. Ол ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 0 балл алған.
"Құрметті тест тапсырушылар! Смартфонға емес, тек өз біліміңізге сеніңіздер", - деді орталық басшысы.