Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының әлеуеті зор
Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының әлеуеті зор
287
оқылды
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Германия Сыртқы істер министр­лігінің Орталық Азия, Шы­ғыс Еуропа және Кавказ елдері бойынша уәкілі Мат­тиас Люттенбергпен кездесті. Бұл туралы Ақор­даның  ресми сайтында жарияланды. Кездесу барысында Ерлан Қарин мен Маттиас Люттенберг Қазақстан мен Германия арасын­дағы әріптестіктің қазіргі ахуалы мен даму перспектива­ларын талқылады. Мемлекеттік хатшы Қазақстан Германияны Еуропа мен Еуропа одағындағы маңызды стратегия­лық әріптесі санайтынын, екі ел арасындағы көпжоспарлы ықпал­дастықты одан әрі дамытуға бейіл­ді екенін айтты. Сонымен қатар  Ерлан Қарин еліміздің саяси жаңғыруына қа­тыс­ты жоспарлар мен Мем­лекет басшысының жаңа экономика­лық бастамаларын жүзеге асыру жайында мәлімет берді. Өз кезегінде, Маттиас Лют­тенберг Мемлекеттік хатшыға кез­десуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәде­ни-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетудің әлеуеті зор екенін атап өтті.