Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасында классикалық әдіспен 15 шақырым қашықтықта жүру бойынша жарыс аяқталды.
Аталған санатта Қазақстан құрамасы сапынан Виталий Пухкало мен Евгений Величко шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Виталий Пухкало мәреге 25-ші, ал Евгений Величко 40-шы болып жетті. Пухкало тиісті қашықтықты 40:39:6 уақытта бағындырса, Величко 41:27:3 уақытта жүріп өтті.
Айта кетейік, жалпы жарыс жолына 99 шаңғышы шықты.