Маңғыстау облысында әрбір бесінші оқушы үш ауысымдағы мектепте оқиды
Маңғыстау облысында әрбір бесінші оқушы үш ауысымдағы мектепте оқиды
Сурет: depositphotos.com
366
оқылды

Республика бойынша Маңғыстау облысының білім саласының негізгі капиталына түсетін инвестиция көлемі аз. 2021 жылдың 12 айында барлығы 4,3 млрд теңге болды. Алдыңғы жылы бұл сома 6,2 млрд теңге болған еді. Ал бұл ҚР-дағы жалпы капиталдың 1,5%-ы ғана, – деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Жоғарыдағы төмен көрсеткіш облыс тұрғындары санының аздығына байланысты емес, өйткені үш өңірден алда келеді. Ал 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны бойынша бірден 6 облыстан алда. Оның үстіне облыс тұрғындарының саны жас – 15 жасқа дейінгі балалар саны барлық жергілікті халықтың 38%-ын құрайды. Бұдан өзге Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша 7 өңірден алда болып, 10-орында. 2020-2021 оқу жылында облыста 15 үш ауысымдағы мектеп жұмыс істеді. Бұл – өңірдегі барлық мектептің 9,2%-ы. Ал ҚР бойынша үш ауысымдағы мектептердің үлесі 2,2%-ды ғана құрайды. Мұндай мектептерде 34,3 мың бала оқыды. Бұл – өңірдегі барлық оқушының 21,4%-ы. Салыстырмалы түрде жалпы Қазақстан бойынша үш ауысымдағы мектептерде білім алатын оқушылар үлесі – 8%. Бір ауысымдағы мектепте Маңғыстау облысындағы оқушылардың 3%-ы ғана оқиды. Ал республика бойынша – 9,6%. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Маңғыстау облысында 24 мектеп және тағы мектептердің жанына 11 ғимарат салынатыны туралы айтты. Сондай-ақ, білім министрлігі бұған дейін Маңғыстау облысында оқушыларға мектепте орын жетіспейтінін айтқан болатын. Мысалы, биыл олардың саны 9,5 мыңға өскен.