«Бұрын жәй моншам болған. Мына моншаны интернеттен көріп, «неге салмасқа?» деген ой келді. Меніңше, жаман шықпаған секілді. Ең бастысы, өте жылы, шынылар буланбайды, моншаның іші тез ысиды», –дейді ол.Бөтелкелерді жинауға ауыл тұрғындары көмектесіпті. Шебер алдағы уақытта осы әдіспен шағын жаздық сарай салуды жоспарлап отыр.
Азамат Қасым, Шығыс Қазақстан облысы