Түнгі уақытта тіркемесі бар жүк көлігі жол бойында жанып кетті.
Нұр-Сұлтан — Павлодар тасжолында 2010 жылы шығарылған Renault Premium жүк көлігі түгелдей жанып кетті. Өртті сөндіруге 3 сағаттан астам уақыт қажет болды.
2022 жылғы 12 ақпанда сағат 01:38-де Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. 2010 жылғы Renault Premium жүк көлігі толығымен жанып кетті. Өрт ауданы 40 шаршы метрді құрайды. Ол Өзбекстан - РФ бағытында жүріп келе жатқан", - делінген облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.