Көк байрақ стилінде киім тікті
Көк байрақ стилінде киім тікті
605
оқылды
Индонезиядан келген Димаштың тыңдарманы  қолдан жасалған ұлттық киімін ұсынды. Бойжеткен оны жасауға Қазақстанның бірегей мәдениеті шабыт бергенін айтты. Индонезиялық Dimash Indonesian Dears фан-клубының мүшесі Кики Чан ұзақ уақыт бойы қызық хобби-косплеймен айналысады. Ол өз қо­лымен ком­пьютерлік ойын­­дар­дың, кинотеатр­дың, әде­биеттің, комикс­тер­дің, ани­ме немесе ман­ганың сүйік­ті кейіп­кер­­лерінің костюмдерін тігеді. Өз кезегінде Кики қазақ­­­­тың ұлт­тық костюмін тігу идеясы қалай туға­нын айтып берді. «Димаш әрқашан ту­ған елінің мәдениетіне үлкен сүйіспен­шілік­пен қарайды. Бұл менің де қазақ еліне деген қызығу­шылығым­ды оятты. Осы ретте мен дәс­түрлі қазақ костюмін киіп көру­ді, қандай да бір ұлт­тық музыкалық аспабын ойнап көруді ойладым. Қазақстан­ның сұлулығы менің жүрегімді және бүкіл әлемдегі барлық Dears-тің жүрегін жаулап алды, – деді Кики Чан. Ол қазақтың ұлттық костюмін тігіп шығу үшін оған қажетті деген түрлі материалдарды іздеген. Әсі­ресе, қазақтың Туы бейнеленген плащтағы қазақ қызының бейнесін, Қазақстанның суық және қарлы климатын бейнелейтін үл­піл­­дек ақ теріні таңдаған. – Жалауды моншақтармен мұқият кестеледім. Енді мен дайын мантияны үлкен құрметпен киемін. Өйткені Ту – елдің символы. Мен Индонезия мен Қазақстан арасындағы достықты білдіре отырып, қазақ мәдениетін елестете алатынымды мақтан тұтамын. Сондықтан осы костюмді тігуді қолға алғаныма өте қуанышты­мын, – деді Кики Чан.

Әбілмансұр ЖАСАН