3 жасар қыз автобуста ұйықтап қалған. Ол туралы автобус жүргізушісі полиция хабар беріп, бөлімшеге алып келген. Кішкентай қыз бір сағаттай Петропавлдағы полиция бөлімшесінде отырды.
Табылған қыз жайлы ақпаратты учаскелік полиция инспекторы Петропавл қалалық ПБ Жедел басқару орталығына берген.
«Қолыма алғаннан кейін жылағанын қойды. Біз оған тәтті күлше бердік. Анасының есімінен басқа ештеңе айта алмады», – деді учаскелік инспектор.
Барлық полиция бөлімдеріне хабар таратылды.
Қыздың анасы баласын өз бетінше жанұшырып іздеп, сол аудандағы жақын маңдағы полиция бекетіне жүгіріп кеткен.
Стационарлық бекетте полицейлер кішкентай қыздың фотосуретін көрсеткен. Анасы қызын бірден таныды.
«Бұл бір жаман түс сияқты болды. Осы жағдай менің басымнан өтіп жатпаған сияқты күйде болдым. Есім шығып кетті. Не істерімді білмей, көше бойы жүгіре бердім. Мүмкін далада тоңып қалған шығар деген не бір жаман ойлар келді. Полиция қызметкері қызым оның әріптестерімен бірге, бәрі жақсы дегенін естігенде, одан бетер жыладым. Жедел көмек көрсететін адамдардың бізге қорған болғанына қуанамын", – деді жоғалған қыздың анасы.
Әжесімен келе жатқан қыз бала автобуста ұйықтап қалған. Зейнеткер өзін жайсыз сезінгендіктен, автобустан түсіп қалған. Қарияның өз үйіне қалай жеткені есінде жоқ.