Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Парагвайда қайтыс болды деген кәсіпкерге қатысты мәлімдеме жасады.
«Құрметті достар, осымен екінші күн БАҚ-та Парагвайда қазақстандық кәсіпкердің денесі мүшеленіп, өлтірілгені туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған орай ол азаматтың Қазақстанның азаматы болмағанын айтқымыз келеді. Аталған азамат кеңес үкіметі кезінде, яғни ҚазКСР заманында туылып, 80-жылдары елден кеткен. Сондықтан ол кісінің қазақстандық кәсіпкер болуы мүмкін емес, оның үстіне Қазақстан азаматы емес», - деп хабарлады СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған азаматтың қазақстандық емес, ресейлік төлқұжаты болған.
«Ол кісінің Қазақстанның азаматы екені туралы ақпаратты ресейлік БАҚ өкілдері таратқан. Дегенмен оның анық-қанығына ешкім жетпеген. Осы орайда қателік кеткенін ескерткіміз келеді», – деп хабарлады министрлік.