ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын «Қазақстандықтар» ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді.
Топтың ұсталған 6 мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы көптеген қылмыстарға (қорқытып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бар.
Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 бірлік атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ қаңтарда мародерлікке қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді.
Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар «көмбелерді» көрсетуге қатысты.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі «көмбе» анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды.
Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Бұған дейін құқық қорғаушылар қылмыстық істерді тергеуден Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін шеттетуді сұрағанын жазған болатынбыз.