«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Илья Теренченконың төрағалығымен фракцияның осы жылдағы бірінші кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, отырыста бірнеше мәселе талқыланды.
Өткен жылы Павлодар облысының қалалық және аудандық мәслихаттарында әртүрлі себепке байланысты, 4 депутаттық орын босады. Бос орындарға резервте тұрған депутаттардың кандидатуралары қаралды. 2020 жылы резервте тұрған барлық депутат праймеризге қатысып халыққа сайлауалды бағдарламасын ұсынған еді. Осы жылы резервте тұрған депутаттар жастар арасынан іріктеліп, таңдалды. Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты ретінде Арман Амургалиновтың, Баянауыл аудандық мәслихатына Самат Мақажанов пен Айдос Дәулеттің, Тереңкөл ауданының мәслихатына Мұрат Базарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Кандидаттар партияның орталық аппаратымен келісілді және бекітілді. Енді депутаттыққа кандидаттар Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылады.
Екінші мәселе бойынша «Өңірлік даму жөніндегі» қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Айтжанованың, «Жастарды қолдау жөніндегі» кеңестің мүшесі Санира Жүсіпованың, «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі» кеңестің төрағасы Марина Стрелковскаяның қоғамдық кеңестердің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тындалды.
Биыл 11 ақпанында партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың төрағалығымен кеңес өтіп, онда бірқатар тапсырма берілген болатын. Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті партия съезінде сөйлеген сөзінде қаңтардағы қайғылы оқиғалар туралы, соның ішінде жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуі мәселесінде елеулі олқылықтар бар екені туралы атап айтты. Партия осы санаттағы жұмысты қайта форматтап, жастарды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің жұмысын күшейтіп, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауы қажет. Осыған орай Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің төрағалығына облыстық мәслихаттың депутаты Серік Жартыбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Депутаттық фракция мүшелері кандидатты бірауыздан қолдап, қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде сайланды.
«Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің алдына «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесіп, әсіресе ауылдық жерлерде жастармен өзара ынтымақта әрекет етуге барынша күш саламын. Жастар қанатының қатарында тұрған жандармен жан-жақты жұмыс істеп, жастар арасында беделге ие көшбасшылар пулын қалыптастыруды және жас депутаттар корпусының әлеуетін пайдалануды міндетіме аламын»,– деді Илья Теренченко.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша, Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карталары индикаторлары бойынша баяндама жасады.
Отырыс соңында Илья Теренченко 11 ақпанда партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен кеңесте берілген тапсырмаларды аумақтық филиалдар мен қоғамдық кеңестердің төрағаларына жеткізді.