Nur Otan: Ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге ықпал етті
Nur Otan: Ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге ықпал етті
ауыл
318
оқылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылдық округі тұрғындары аудан орталығымен қатынасымыз қиындады, - деп «Астана» телеарнасына шағымданған болатын.

Олар кент орталығына қатынауымызға екі ортадағы көпірдің апатты деп танылып, бұзылуы кедергі болып отыр дейді. Ауыл тұрғындарының тең жартысы кент орталығына жұмысқа қатынайды, сондай-ақ, азық-түлікті де сол жақтан тасымалдайтын болғандықтан жаяу жүргіншілер мен көлік қатынасы үшін уақытша өткел салынса деген шағым айтқан болатын. Бұл мәселені аудандық партия филиалы дереу назарға алып, жұмыс жасады.    width= Nur Otan партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері елдімекендегі көпір құрылысын жүргізіп жатқан қосалқы мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысына талдау жасады. Расында бұзылған бұл көпір Бидайкөл, Ақтам, Қарғалы елдімекендерінің 5000-ға жуық тұрғындарын аудан орталығымен байланыстыратын. Құрылысы 1960 жылдары жүргізілгендіктен уақыт келе жарықтар пайда болып, жүк көтергіш қабілетті болмай, жарамсыз күйге түсті. Тәуелсіз сарапшылар «апаттық» деген қорытынды беріп, бүгінгі таңда жаңа көпір құрылысының жұмыстары қолға алынуда, тамыз айында аяқталады деп жоспарланған. Партия өкілдері ауыл тұрғындарының талап-тілектеріне сәйкес, уақытша өткел салу мәселесін тапсырыс беруші Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Бас мердігер «Стандарт Ойл» КЗО» ЖШС-ның өкілдерімен кездесіп, шешу жолдарын қарастырды.    width=

Бүгін ауыл тұрғындарының мәселесі оң шешімін тауып уақытша өткел халық игілігіне берілді. Өз кезегінде жаңа көпір құрылысының да сапалы және уақытылы халық игілігіне берілуі де партия назарында болады.