Режиссер Фархат Шәріповтің «Схема» көркем фильмі 72-халықаралық Берлин кинофестивалінде бас жүлде иеленді, – деп хабарлайды zakon.kz.
«Схема» фильмін Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау орталығы қолдауымен Medeor компаниясы түсірді.
Фильм жасөспірімдерге арналған. Кино 2020 жылдан бастап Алматыда түсірілген. Басты рөлдерді Виктория Романова және Таир Свинцов сомдады. Фильмнің қоюшы операторы – Александр Плотников, ал қоюшы суретшісі – Алексей Шиндин, продюсері – Дина Жұмабек.