Nur Otan-ның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысымен партияның сайлауалды уәдесінің орындалуын талқылады
Nur Otan-ның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысымен партияның сайлауалды уәдесінің орындалуын талқылады
239
оқылды

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесті.

Жүздесуде 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің сапалы орындалуын талқылады.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Nur Otan Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде. Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық», - деді Асхат Оралов.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың талап-тілегіне жауап беру үшін Nur Otan-ды жүйелі түрде қайта құру қажет екенін айтқан болатын.