Шығыста боран жедел жәрдем көлігін аударып жіберді
Шығыста боран жедел жәрдем көлігін аударып жіберді
Фото: ПД-нен алынды
221
оқылды

Шығыс Қазақстанда бораннан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Көлік жолдың жиегіне құлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Шемонаиха аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Науқасқа бара жатқан көлікте жүргізуші мен фельдшер болған.
«Жол апаты «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 83-шақырымында болды. Жүргізуші боранда рульге ие бола алмай қалды. Көлік аударылып, жол жиегіне құлаған. Ешкім зардап шеккен жоқ», ­– деді полицейлер.

Бүгін Шығыс Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары сабақты онлайн форматта оқыды.