Ішкі істер министрі қаңтар оқиғасынан кейін кімдердің қамауда отырғанын айтты
Ішкі істер министрі қаңтар оқиғасынан кейін кімдердің қамауда отырғанын айтты
225
оқылды

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Президентке еліміздегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінде 2739 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Атап айтқанда, ұрлық, заңсыз қару сату, өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру және басқа да деректер бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта 271 адам қамауда отыр. Олардың 196-сы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар.Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеу барысында азаматтардың құқықтары сақталады. Қылмыс құрамына байланысты, қоғамнан оқшаулауға жатпайтын 103 азамат тергеу изоляторларынан босатылды. Тағы 200-ден астам күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алу немесе кепілдік қою бойынша шаралар қабылданып, тергеу изоляторларына қамамауға шешім шығарылған. Министр Парламент Мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық-бақылау комиссиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне тергеу изоляторларына кіруге мүмкіндік берілгенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының дағдарыс жағдайларына дайындығын арттыруға, күштік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін қайта қарауға бағытталған шаралар туралы мәлімет берілді. Президент Ішкі істер министрлігіне елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсталған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы қайғылы жағдайлардың себептеріне объективті тергеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.