Президент наурыздың ортасында халыққа жолдау жариялайды
Президент наурыздың ортасында халыққа жолдау жариялайды
305
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында наурыздың ортасында халыққа үндеу жолдайтынын айтты.
– Қандай түбегейлі өзгерістер болатынын қазір айта алмаймын. Бірақ біраз өзгерістер болады. Бұл туралы мәжілісте сөйлеген сөзімде айттым. Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан, "Жаңа Қазақстанды бірге құрайық" деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр. Жалпы, кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұр. Қытай тіліндегі "дағдарыс" деген сөздің "жаңа мүмкіндіктер" деген мағынасы бар. Осы ретте біз де күш-қуатымызды отанымызды өркендетуге жұмсайық, – деді Тоқаев.