Айбат Ілиясов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын бітірген.
2006 жылдан 2007 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электронигі, бас маманы болып қызмет еткен.
2008 жылдан 2009 жылға дейін «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бас маманы болды.
2009 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры қызметін атқарған.