Актриса, продюсер Дариға Бадықова біраз үзілістен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актриса шығармашылығындағы жаңалықтар туралы айтты. Сонымен қатар отбасындағы түрлі жағдайды ашып көрсететін кино түсіргенді жаны қалайтынын жеткізді.
"Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер, осындай жағдайлар болған деп... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе, ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ой, бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да жүрегі бар. Маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне, біздегі стереотип – жалқауларға жан ашу. Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы, мен киноның желісі өмірдегідей болсын деймін. Отбасы жағдайы – біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру – басты мақсатым", – деп жазды Дариға Бадықова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
