Бүгін Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда партияның кезектен тыс XXII съезін шақыру туралы шешім қабылдады.Съезд барысында партия жұмысын ары қарай жаңғырту бойынша неге басымдық берілетіні талқыланады.Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында күзге қарай басқарушы партияда үлкен өзгерістер болатынын айтқан болатын.Бұл ретте еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты партия жұмысының жаңа қадамдары икемді, жедел және батыл болуы тиіс. Егер партия осы жағынан аз уақытта түбегейлі өзгерсе, бұл сенімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Алдағы Съезд Жаңа Қазақстанды тиімді құру үшін партияны шын мәнінде өзгертуге бастау беруі тиіс.Сөйтіп, съезд Президент талай айтқан өзекті сын-қатерлерге жауап беріп, қоғамды ары қарай демократияландыру мен плюрализмді дамытуға бағдар беруі тиіс", – деп жазды блогер Қазбек Майгелдинов.