Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат берді. Президент сұхбатына орай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев пікір білдірді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген сөзімен келісемін. Өйткені Мемлекет басшысы кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұрғанын айтып, қазақстандықтарды Отанымызды өркендетуге шақырды. Бұл ретте, замандастарымның рөлі ерекше екенін ескерткім келеді. Сапалы жастардың, оның ішінде еңбекқор азаматтардың нәпақасын адал табуы аса маңызды. Сондықтан кез келген дағдарыстың арты жаңа мүмкіндіктерге әкелетіні сөзсіз. Осы ретте біз де күш-қуатымызды Отанымызды өркендетуге жұмсайық, – дейді ол.Депутат сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезді шақыру туралы шешіміне пікір білдірді.
– Президент өткендегі XXI Съезде «Nur Otan» елімізді жан-жақты жаңғыртуды іске асыруға белсенді атсалысып, Қазақстанды прогрессивті қайта құру мен жаңартудың негізгі тетігі болуы тиіс екенін атап өтті. Менің ойымша, алдағы Съезд өзекті сын-қатерлерге жауап беретін, қоғамды демократияландыруға және плюрализмді дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде шешімдер қабылдайды деп білемін, – деді Елнұр Бейсенбаев.