Қазақстанда ең қымбат көліктің құны қанша?
Қазақстанда ең қымбат көліктің құны қанша?
1,210
оқылды

Бүгінде көлікке тек ер-азаматтар емес, нәзік жандылардың да қызығатыны белгілі. Бірі көлікті жүріп-тұруына пайдаланып, біраз шаруаның басын шешсе, енді бірі – көріктілік үшін, тіпті соңғы үлгідегі тұлпарлардан коллекция жинақтайтындар да бар. Осы тұрғыда біз еліміздегі ең қымбат көліктердің тізімін жариялауды жөн көрдік.

[caption id="attachment_184547" align="alignnone" width="1200"]көлік ©exk.kz[/caption] Бұл тізімді 2021 жылғы қара түсті BMW M8 бастап тұр. Иесі көлік үшін 85 миллион теңге сұрап отыр. Мұндай қаржының кімде бар-жоғын білмедік. Алайда қарапайым жан осындай темір тұлпардың иесі атану үшін 141 жыл бойы 50 мыңнан жинаса, қол жеткізе алады.  width= Осы ақшаға тағы үш миллион қоссаңыз, алтын түстес Audi RS Q8 көлігін сатып алуға болады. Былтырғы жылы шыққан көлікте 600 аттың күші бар. [caption id="attachment_184550" align="alignnone" width="1200"]көлік ©exk.kz[/caption] 2021 жылғы Range Rover – 92 миллион теңге. Көлік бар-жоғы 200 шақырым ғана жүрген. Ал егер қымбатсынсаңыз, осы ақшаға бірнеше Toyota Camry сатып алуға болады. [caption id="attachment_184551" align="alignnone" width="1200"]көлік ©exk.kz[/caption] Ал мына ретрокөлік 30 миллионға қымбаттырақ бағаланған. Иесінің айтуынша раритетті көлік 1946 жылы шыққан. ТМД елдерінде тек 1 данасы ғана бар. [caption id="attachment_184552" align="alignnone" width="1200"]көлік ©exk.kz[/caption] 2010 жылғы Lamborghini Gallardo – 120 миллион теңге. Көлік моторының көлемі – 5,2. Атмосфералық моторы компресорсыз жабдықталып, 560 аттың күші бар. [caption id="attachment_184553" align="alignnone" width="1200"]көлік ©exk.kz[/caption] Екі мың шақырым жүріп тастаған көлік болса да, бағасы өте қымбат. Maybach GLS 600 – 130 миллион теңге. [caption id="attachment_184554" align="alignnone" width="1200"]көлік ©exk.kz[/caption] Ал тізімнің екінші орнына екі көлік таласып тұр. Екеуінің де бағасы – бір, 135 миллион теңге. Оның бірі – 2021 жылғы Bentley Continental GT. Екіншісі – Mercedes-Benz. Моделі SLS AMG деп аталады. Көлік 2010 жылы шыққан. Иесінің сөзінше, мұндай тұлпар да ТМД елдері бойынша біреу-ақ. Спорттық көліктің өзі карбоннан жасақталған. Тіпті, тежегіштің өзі керамикадан жасалған. [caption id="attachment_184555" align="alignnone" width="1200"]көлік ©exk.kz[/caption] Бұл тізімнің жеңімпазы – Rolls-Royce Cullinan. Оның бағасы – 269 миллион теңге. Қазіргі доллар бағамымен бағаласақ, бұл көлік жарты миллион доллар тұрады. 2020 жылғы көліктің біздің елдегі иелері – ерлі-зайыпты блогер Ерболат және Самал Жанболовтар. Көлік ішіндегі кілемшенің өзі 5 миллион теңге болса, бампері – 7 миллион теңге.