Президент көкейдегіні айтты
Президент көкейдегіні айтты
230
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Qazaqstan телеарнасына  берген сұхбатын қоғам өкілдері жылы қабылдап, жан-жақты талқылап жатыр. Сұхбатта айтылған ойлар мен жолданған месседждерге бұқараның көңілі толатыны байқалады. Ел ішіндегі белсенді, қоғам тынысын бақылап отыратын  азаматтар сұхбатта  көпшілікті  толғандырған  бірқатар мәселелернің айтылғанын алға тартады.

Бақытхан

Бұл – қазақтың тілегі!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Qazaqstan телеарнасына Жайна Слам­бекке берген сұхбатын мұқият тың­дадым. Көп­­шілік­тің көкейіндегі, әлеу­меттік же­лі­де көтерілген сұрақтар қойылды. Басында бейбіт басталған шеруді қан­дықол қараниет­тілердің пайдаланып, төң­керіс жасағысы келгенін айтып, бұл іс­ке шатысы барларға қатысты тергеудің аса құпия жүріп жатқанына тоқталды. Оны түсінеміз. Тек сол тергеудің әділ де шынайы, түпкілікті де терең зерттеліп жүргенін, шындықтың жариялануын қалаймыз, халық соны күтеді. Президенттің өз сұхбатында атап өткені бар, атамай кеткені бар, ел саясатында жіберілген ең ірі идеологиялық қателердің кесірі ора­сан, оны бірден түзеу де оңай емес екенін  білеміз. «Қасіретті қаңтар» ызғары әлі жанды қарып, жүректі сыздатып тұр. Оның үстіне, «ақ­параттық соғыстағы жеңілістен», экономикадағы дағдарыстан, бас­қа да ауыр соққылардан есімізді жиып, ел іргесін нықтау, елдігімізді сақ­тау тек өзімізге байланысты. Қасым-Жомарт Кемелұлының қазақ тілі туралы айтқаны көңілге қо­нымды. Оның үстіне, Тоқаевтың қазақ журналистикасына жақсы ба­ға бергеніне қарағанда алдағы уақытта Қазақ елінің президенті ре­тінде қандай деңгейдегі жиын болмасын, өзі бас болып тек мемлекеттік тіл­де сөйлеп, басқаларға үлгі болса деген тілек бар. Бұл – қазақтың тілегі!

Бақытхан ЖАНШАЕВА, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты

 width=

Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысы

Мемлекеттік тілдің өзектілігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan теле­арнасына берген сұхбатында атап өткен болатын. Бұл ретте ел Президентінің «Біздің хал­қымыз талай «тар жол, тайғақ кешу­ді», қилы заманды басынан өткерген. Қиын­­дықтың бәрін жеңген. Кешегі қа­сіретті оқиға кезінде халқымыз бірлігін көр­сетті. Осы құндылықты келешек ұр­пақ­қа аманат етуіміз керек. Қазақ­стан­ның болашағы жарқын болатыны сөз­сіз. Мен бұған кәміл сенемін. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Басқа Отанымыз жоқ. Болмайды да. Еліміздің Тә­уел­сіздігі бәрі­нен қымбат» деп ерек­ше тоқ­талды. Расында да, ен­дігі кезекте жаңа саяси-рефор­малар­дың, «әділетті қоғамның» жар­шысы ретінде бір кісідей жұ­мы­лып, Пре­зидентімізге Қазақ­станның жаңа даму ке­зеңін құруға әр­кім өз саласы бойынша үлес қосуымыз керек.

Мейіржан ОТЫНШИЕВ, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары