2016 жылдан бері елдегі 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер өз еркімен 3 мыңға жуық сыйлықты мемлекетке қайтарған. Осылайша, соңғы алты жылда қазынаға өткізілген сыйлықтардың жалпы сомасы - 18 миллион теңгеге жуықтаған, - деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Шенеуніктерге әсіресе гүл, кәдесый, кеңсе тауарлары, зергерлік бұйымдар мен қымбат сағаттар тарту етілген. Тіпті спирттік ішімдік пен бір қорап шылым да болған.
Өткізілген сыйлықтардың ең қымбаты - 1 миллион 809 мың теңгеге бағаланған ерлердің қол сағаты екен. Ал былтыр мемлекеттік қызметкерлер өзіне берілген 159 сыйлықты мемлекет меншігіне қайтарыпты. Оның ең бағалысы 495 мың теңгелік ұялы телефон болса, ең арзаны 103 теңгеге бағаланған валидол дәрілік препараты.