Нұр-Сұлтанда кран құлап, бір адам көз жұмды
Нұр-Сұлтанда кран құлап, бір адам көз жұмды
305
оқылды

2022 жылғы 18 ақпанда сағат 17:07-де Нұр-Сұлтан қаласының аумағында, Есіл ауданы, Тұран даңғылы 89/А мекен-жайы бойынша салынып жатқан объектінің аумағында QTZ 100 мұнара кранының (2013 жылы шығарылған) секциясы сынған. Бұл кранның құлауына әкеп соқты, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ ӨҚК Департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқыс жағдай кезінде 1970 жылы туған краншы алған жарақаттарынан көз жұмды. ҚР ТЖМ ӨҚК Департаментінің инспекторларымен куәгерлерден сауалнама жүргізді, бақылау камераларынан бейнежазбалар алынды және апатты тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР ТЖМ ӨҚКД, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және мүдделі тұлғалардың өкілдері кіреді. Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мұнара кранының құлауының себептері мен мән-жайлары айқындалатын болады, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылатын болады.