Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
288
оқылды
Түнде және таңертең 21-23 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 22-23 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болжанады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжанады. Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Өңірдің батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жел соғады.