Қалыңмалға 10 миллион доллар берген араб күйеубала жұрттың сөзіне тағы ілікті. Сұлтан Әзиз әйеліне Шымкенттің төрінен үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл жайында әйелі Динара Мұсабаева айтқан.
Оның айтуынша, бұл сыйлықты екеуі үйленгеннен кейін, жеті күн өткен соң сыйлаған. Қазақта жеті санын киелі деп санағандықтан әйеліне тосынсый жасамақ болған.
– Жолдасым арнайы романтикалық кеш жасап, мейрамханаға шақырды. Кешкі астан кейін қолыма пәтердің кілтін табыстады. Мұндай сыйлық жасайды деп күтпедім. Әрине, қуанышымда шек жоқ. Өзімнің онсыз да бір бөлмелі пәтерім бар. Бірақ қазір отбасылы болған соң, үйді де үлкейту керек. Сондықтан бұл артық етпейді. Әр қазақ баспаналы болсын! – дейді ол.
Естеріңізге салсақ, Динара араб жігітіне тұрмысқа шығып, қалыңмалына 10 миллион теңге берілген болатын. Кентаулық Динараның жасы 22-де. Ол күйеуімен осыдан екі жыл бұрын Араб Әмірлігіне барғанда танысқан. Оның жасы 27-де, ол Эр-Рияд қаласында дүниеге келген.
Бұл әрекетке қатысты әлеуметтік желіде жұрттың пікірі екіге бөлінді. Біреулер қазақ қызының арын айтып, өзге ұлтқа тұрмысқа шықпау керек десе, енді бірі азаматтың адамгершілігі маңызды деп жатты.